Алдағы демалыс күндері Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болады
Алдағы күндері өңірлердегі аяз басылады

Синоптиктер алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Астана
16 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -17°C...-19°C, күндіз: -8°C...-10°C.
17 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15°C...-17C°, күндіз: -6°C...-8°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -10°C...-12°C, күндіз: -3°C...-5°C.
Алматы
16 желтоқсан - аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11°C...-13°C, күндіз: -4°C...-6°C.
17 желтоқсан - күн райы құбылмалы, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -8°C...-10°C, күндіз: -2°C...-4°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -6°C...-8°C, күндіз 0°C...-2°C.
Шымкент
16 желтоқсан - күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1°C...-3°C.
17 желтоқсан - аспан бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыс соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -3°C...-5°C, күндіз: +1°C...+ 3°C.
18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -1°C-3°C, күндіз: +6°C...+ 8°C.