Жамбыл облысындағы ТЖ: 5 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды
Жолаушыларға ТЖ билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады

2023 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жариялануына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар жолаушылар пойыздары жүрісін тоқтатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, мына маршуттар:
15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелетін №10 Нұр-Сұлтан 1 - Алматы 2 пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан жөнелетін №9 Алматы 2 - Нұр-Сұлтан 1 пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
16 желтоқсанда Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін №29/30 Атырау-Алматы 1 пойызының жүріс уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және кері бағытта 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жүретін №3 Алматы 2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
15 желтоқсанда Алматы 2 және кері бағытта Жезқазған қаласынан 16 желтоқсанда жүретін №505/506 Алматы 2 - Жезқазған пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді.
«Жоғарыда көрсетілген бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға ТЖ билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.