14.12.2023, 22:23
Жаңалықтар
Өскеменде жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды
Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған
Фото ашық дереккөзден
Өскемен қаласында кешелі бері із-түссіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.
«Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.
Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды