$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жолда қалып кеткен 300-ден астам адам жолаушылар пойыздары арқылы эвакуацияланды

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздары жұмысын тоқтатпайды

Жолда қалып кеткен 300-ден астам адам жолаушылар пойыздары арқылы эвакуацияланды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

2023 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында қалың қар түсіп, аяздың болуына байланысты тас жолдар жабылған қиын жағдайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқа да тасымалдаушылармен бірлесіп адамдарды эвакуациялау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәліметінше, жолаушылар пойыздары Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына ауа райы қолайсыз аймақтан 300-ден астам адамды тасымалдады. Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 «Алматы-Ақтөбе» және №77 «Алматы-Маңғыстау» пойыздарымен жеткізілді.  Тағы 108 жолаушы №55 «Көкшетау-Қызылорда» пойызымен тасымалданды. 

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздары жұмысын тоқтатпайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары