13.12.2023, 22:20
Жаңалықтар
Жетісу облысында есірткі сақтаған деструктивті ағым өкілі ұсталды
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Жетісу облыстық ПД
Жетісу облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері бірлесіп арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің мекенжайы бойынша санкцияланған тінту өткізу кезінде полицейлер 13 қап марихуана тапты.
«Күдікті адамның ел аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның жақтаушысы екені анықталды. Осыған байланысты жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды