13.12.2023, 14:48
Жаңалықтар
Конгода мектепке найзағай түсіп, 5 бала қаза тапты
Қайғылы оқиғадан 13 бала жарақат алған
Cavan Images / Alamy via Legion Media
Конго Демократиялық Республикасында мектептердің біріне найзағай түсіп, бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Франс Пресс агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиғадан сондай-ақ 13 бала жарақат алған.
Оқиға елдің Итури провинциясының Букиринги ауылындағы бастауыш мектепте болған. Жергілікті әкімшілік өкілі Роджер Адиродудың айтуныша, таңғы уақытта балалар сынып ішін жинастырып жатқан кезде найзағай түскен.
«Оқиға салдарынан екі қыз бен үш ұл бала қаза тауып, тағы 13 бала жарақат алды», - деді ол.
Қаза тапқандар мен жараланғандар 5 пен 13 жас аралығында болған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)