$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында «Жасыл ел» бойынша жұмыс істеген студенттер еңбекақысын ала алмаған

Жұмысқа тартылған жастардың арасында оқушылар да болған

Алматы облысында «Жасыл ел» бойынша жұмыс істеген студенттер еңбекақысын ала алмаған
Фото: gov.kz

Алматы облысында маусымдық жұмысқа тартылған 1200 адамға жалақы төленбеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Студенттер мен өзге де жастар жазғы демалыс кезінде мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істеген. Алайда мемлекеттік мекемелер арқылы жұмыс істеген жастар еңбеақысын алмаған күйі оқуға кетуге мәжбүр болған. 

Жауаптылардың жастар алдындағы берешегі 150 млн теңгеге жеткен. Іске Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі араласуға тура келген.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан 1200 адамға жалпы сомасы 150 млн теңге жалақыны алуға жәрдемдесті. Бұл мәселе туралы өңірдің жемқорлыққа қарсы еріктілері хабарлады. Аталған бағдарлама оқушы, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруды көздеп, биылғы 20 тамызы мен қарашасы аралығында жүзеге асырылды. Алайда жоба аясында еңбек еткен жастарға жалақы төленбеген»,  - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Департамент тиісті шаралар қабылдаған соң ғана 1200 адам жаз бойы істеген еңбегінің ақысына қол жеткізген.

Серіктес жаңалықтары