Алматыда жанармай сататын кәсіпорынға 543 млн теңге айыппұл салынды
Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады
«Petrosun» ЖШС-нің монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
«Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауапқа тартылды. Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді», - делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.