Астана маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды

Астана маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мағына қатынайтын 12 бағыттағы автобустардың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл турлы City Transportation System баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын №300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Ал қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда екені хабарланды.

Айта кетсек, бүгін елордада ауа температурасы күндіз -24, ал түнде -32 градусқа дейін суытып, жел жылдамдығы 6,7 м/с жетеді.

Осыған байланысты мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына көшіріледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.