Бүгін еліміз бойынша аязды ауа райы сақталады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптиктер 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болатындықтан, көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -31...-33°C, күндіз -25...-27°C болады.
Алматыда ауа райы бұлтты, қар жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 10...-12°C, түнде одан әрі төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -9...-11°C болады.