ШұғылШымкентте 75 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды

Алматыда 200-ден астам адам әскерге шақырылады

Олар Отан алдындағы борышын 1 ай өтеуі тиіс

Өткен апта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған байланысты Алматыда 200 азамат бір айлық әсери қызметке шақырту алады.

Олар қалада бір ай шамасында әскери міндетін өтейді. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаевтың сөзінше, екінші рет әскер қатарында қызмет етуге шақырылған азаматтардың жұмыс орны сақталады. Сондай-ақ, олар түскі және кешкі уақытта – күніне екі рет ыстық тамақпен де қамтамасыз етіледі.

«Арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны, лауазымы сақталады. Жұмыс істейтіндерге орташа жалақы төленеді. Ал, әскерге шақырылған азаматтар жұмыс істемесе, оларға ең төменгі жалақы төленеді. Әскерилер өз үйлерінде тұрады. Сонымен қатар, олардың күнделікті үйіне барып келуіне қажетті жол ақысы да төленеді», - деді Өсербаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінге дейін 300-ден астам азамат өз еркімен әскерге барғысы келетінін айтып, хабарласқан. Еріктілердің арасында әйелдер де көп.

Сұхбат