$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте баласына борышкер әкелердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді

Шымкентте баласына борышкер әкелердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz

Шымкент қаласының прокуроры алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтеріп, «Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қарсы күрес айын» белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратура мәліметінше, осыған байланысты алимент төлеу міндетін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыстары жандандырылды.

«Биылғы қарашада прокуратура қызметкерлерінің жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде алимент төлеу міндетін орындамай жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізу нәтижесінде бүгінгі күні оның ішіндегі алимент берешектері 2 млн теңге және 381 мың теңге болған борышкерлерге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды, ал қалған 9  қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған істер қала прокуратурасының бақылауына алынып, осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары