Жаңбыр, көктайғақ, боран: бірқатар республикалық жолдар жабық

Azattyq Rýhy

Солтүстік аймақтарда дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, көктайғақ, боран: бірқатар республикалық жолдар жабық
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қолайсыз ауа-райына байланысты 4-6 желтоқсанда республикамыздың бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, ауа райы жағдайына байланысты (нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ, жел) республикалық маңызы бар жолдардың 13 учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеліп, 4 облыста облыстық маңызы бар 23 учаскеде көлік қозғалысы жабылды.

Ақмола облысында республикалық Қостанай-Әуекөл-Сурған, Жақсы-Есіл-Бұзылық, Жезқазған-Петропавл, Екатеринбург-Алматы, Көкшетау-Атбасар жолы көлік қозғалысының барлық түрлері үшін жабық.

Ақтөбе облысында Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай жолында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Қостанай облысында Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Қостанай, Екатеринбург-Алматы, Мамлютка-Қостанай тасжолында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Ал Жезқазған-Петропавл және Қостанай-Әулиекөл-Сурған тасжолы көлік қозғалысының барлық түрлері үшін жабық.

СҚО-да Екатеринбург-Алматы жолы көлік қозғалысының барлық түрлері үшін жабық.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.