$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейлік оппозиционер Навальныйға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Саясаткер арнайы режим колониясында қамауда отыр

Ресейлік оппозиционер Навальныйға қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Фото: Kommersant

Ресей прокуратурасы оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйға жаңа айып тағып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға бұл жолы вандализм үшін жаңа айып тағылды. Бұл Владимир облысында қамауда отырған 47 жастағы саясаткерге қатысты қозғалған 14-ші қылмыстық іс.

Навальный 19 жылға бас бостандығынан айырылып, ерекше режимдегі колонияға қамауға алынды. Ресей соты оны бірқатар қылмыстарға, соның ішінде экстремизмге шақыру, азаматтардың құқықтарына қол сұғатын КЕҰ құру, экстремизмді қаржыландыру, экстремистік қоғамдастық құру, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды қауіпті әрекеттер жасауға тарту және нацизмді оңалту әрекеттеріне қатысы бар деп таныды.

Навальный оның жақтастары саясаткерге қарсы істердің ойдан шығарылғанын және үкімнің саяси астары бар екенін айтады.

Саясаткер екі жыл бұрын Германиядан келген кезде Шереметьево әуежайында қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары