01.12.2023, 21:29
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды
Тінту кезінде әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды
Фото: ovesti.ru
Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Сондай-ақ, тінту кезінде әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бала саудасының фактісі анықталды.
«Бұл факт ҚР ҚК-нің 135-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы, «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі, «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелген», - деп хабарлады құзырлы ведомство.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр