$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды ​​тұрғыны криптобиржадан заңсыз жолмен 95 млн теңге табыс тапқан

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу тіркелді

 

Қарағанды ​​тұрғыны криптобиржадан заңсыз жолмен 95 млн теңге табыс тапқан
Фото: iStockphoto

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 млн теңгеден асты», - делінген ведомство мәліметінде.

Күдікті тұлға «BINANCE» биржасында сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды.

«АХҚО ақпаратына сәйкес, аталған тұлғалардың ешқайсында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар болмаған», - деді ҚМА өкілдері.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу тіркелді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары