$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда студентер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Оралда студентер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының барлық оқу орындарында Komek Stop Bulling ZKO қосымшасы орнатылып, қорқыту мен бопсалау фактілері анықталуда, ол арқылы студенттер көмек сұрай алады.

Бөрлі ауданында 23 қарашада кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылы туған екі колледж студенті ұсталды.

Олар УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінің студенттері де 500 000 теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды.

ҚР ҚК 194-бабына сәйкес 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және бір топ тұлғаларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін санкциялар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары