Жамбыл облысында 1600-ден астам бала сенімхат бойынша тәрбиеленіп жатыр
Кінәлі адамдар жауапқа тартылды
Жамбыл облысының прокуратурасы сенімхат бойынша тәрбиеленетін 1 600-ден астам баланы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокурорлар берілген нотариаттық сенімхаттар негізінде отбасыларда тәрбиеленетін 1600-ден астам баланы анықтады, яғни 1600 бала іс жүзінде заңды өкілдерінсіз тұрады.
Осыған байланысты прокурорлық ден қою актісі бойынша нотариустардың мұндай тәжірибесі тоқтатылды, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.
«Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша ата-ананың нақты орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ олардың тұру және тәрбиелеу жағдайларын тексеру мақсатында барлық осындай балалар бойынша қарсы барып тексерулер ұйымдастырылды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Облыстың Нотариаттық палатасы осындай сенімхаттардың күшін жою бойынша жұмысты бастады.