26.11.2023, 13:53
Жаңалықтар
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті
Екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан
Фото: lada.kz
Ақтауда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға сенбі күні түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, «Кораблик» бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.
1967 жылы туған зардап шегуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды