Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Республиканың батысы мен солтүстігінде қар жауады

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Gettyimages.ru

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстігінде қар жауып, қарлы боран байқалады.

«Атлантикалық циклон бірте-бірте солтүстік-шығысқа, ал оның артына елдің оңтүстік-батысынан антициклон жылжиды, осылайша, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ауа температурасы қысқамерзімді төмендеуі мүмкін. Түнде солтүстік облыстарда 5-10 аязға дейін күн суытады», - дейді синоптиктер.

Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келе жатқандықтан, антициклон Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Соның салдарынан қайтадан тұрақсыз ауа райы болады.

«Жауын-шашын аязды жаңбыр түрінде болады және қар жауады. Жел қарлы боранмен күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал температура фонында күрт өзгерістер болмайды. Көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанатын оңтүстік өңірлерде күн жылы болады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.