22.11.2023, 14:40
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда 35 ауыл жарықсыз отыр
Жөндеу жұмыстарының жалғасып жатқанына 5 тәулікке жуықтады
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысының 5 ауданындағы 35 елдімекен әлі жарықсыз отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жөндеу жұмыстарының жалғасып жатқанына 5 тәулікке жуықтады. Мамандар ақауды толық жоя алмай жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде боран болып, қатты желден сымдар үзіліп, электр бағандар құлаған болатын. Салдарынан 183 ауыл жарықсыз қалған еді. Желілер біртіндеп іске қосылып жатыр. Қазір 2400-ден астам отбасы жарықсыз отыр. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған. Сондықтан мәселе қайталануы да мүмкін. Ал облыстық әкімдік өкілдері бүгін сағат 3-ке дейін тұрғындардың барлығы электр қуатымен қамтамасыз етілетінін айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды