Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында жүзеге асырылады
Жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларын құрайтын екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойылды
17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды, деп хабаралайды Azattyq Ruhy Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.
«Біріншісі, Түркияның ірі компаниясы "Alarko Holding" қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. 650 млн АҚШ доллар сомассына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді. Екіншісі, "IŞIKLAR PACKAGING Ltd." түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салу. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды», - делінген хабарламада.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.