$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теңіз кен орнында мұнай төгілу дерегі анықталды

Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» компаниясы растады

Теңіз кен орнында мұнай төгілу дерегі анықталды
Фото: tengizchevroil.com

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай төгілу дерегі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, 12 қарашада «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі мұнай резервуарлары паркі мен КТЖ газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай аққан. Төгілген мұнай көлемі шамамен 50 текше метрді құрады, бұл бір вагонға жуық мұнай.

Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» компаниясы растады.

«12 қарашада Теңіз кен орнында мұнай төгілу дерегі анықталып, ТШО-ның төтенше жағдайлар тобы оны оқшаулау бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта Қазақстанның қауіпсіздік процедуралары мен ережелеріне сәйкес тазалау жұмыстары жүргізілуде. Барлық тиісті органға тиісті түрде хабарланды. ТШО өндірістік қызметі әдеттегідей жалғасып жатыр», - деді компанияның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары