16.11.2023, 15:51
Жаңалықтар
Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан әйел жауапқа тартылды
Сот шешімімен заң бұзушыға айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоқтығына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде араб тілі және құранды толық үйрету бойынша дәріс берумен айналысқан.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде, яғни 138 мың теңге айыппұл салынды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)
24.08.2026, 07:47
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 24 тамызға ауа райы болжамы
24.08.2026, 10:26
Павлодарда жол апатынан кейін ер адам көлік салонында қысылып қалды