$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында ауыл әкімдігі орындалмаған жұмысқа 9,1 млн теңге төлеген

Аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

Абай облысында ауыл әкімдігі орындалмаған жұмысқа 9,1 млн теңге төлеген
Фото: gov.kz

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсауға қатысты заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство өкілдері атап өткендей, Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады.

«Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн теңге айыппұл тағайындалды. Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды», - деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізген.

«Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төленген. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасқан», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары