Ақтауда жыл басынан бері 23 көлік жанып кеткен

Azattyq Rýhy

ТЖ мамандары қала көшелеріне шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Ақтауда жыл басынан бері 23 көлік жанып кеткен
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда жыл басынан бері 23 автокөлік отқа оранған. Бұл  төтенше жағдайлар саласы мамандарын алаңдатып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚазАқпараттың жазуынша, Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріне шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Жыл басынан бері 23 көлік өртенді. Осыған орай көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатырмыз. Көлікке отырмас бұрын, алдын ала жай-күйін тексерсе екен дейміз. Көліктің техникалық ақауларын анықтап, тоқ-сымдары тұйықталып қалған жағдайда машинада өрт сөндіру құралдарының болуы керектігін айтып жатырмыз», - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қайсар Нұрманов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.