$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз ешкімнің де артқы ауласы емеспіз»: Жұманғарин Bloomberg мәлімдемесі жайлы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қазақстанның Мәңгілік ел екенін еске салды  

«Біз ешкімнің де артқы ауласы емеспіз»: Жұманғарин Bloomberg мәлімдемесі жайлы
Фото: ortcom.kz

Үкімет отырысынан кейінші брифинг барысында Серік Жұманғарин Bloomberg ақпараттық агенттігінің мәлімдемесі жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан ешкімнің артқы ауласы емес. Біз - тәуелсіз, «Мәңгілік елміз». Жақында Түркістанда ресейлік әріптестерімді Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апардық. Сол кезде экскурсовод осы залда хан өз кезеңінде елшілерді қабылдағанын айтты. Ол өте көп жыл бұрын болды. Сонда ресейлік әріптесімнің бірі «сіздердің тарихтарыңыз жайлы ештеңе білмейміз» деді. Кімнің артқы ауласы екенбіз? Бұның бәрі бос әңгіме», - деді Жұманғарин.

Еске салсақ, Bloomberg ақпараттық агенттігі Қазақстанды Ресей президенті Владимир Путиннің «артқы ауласы» деп атады. Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары туралы хабарламасын агенттік «Макрон Путиннің артқы ауласына жаңа достар мен уран іздеп келді» деген тақырыппен сүйемелдеді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары