Ержан Еркінбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Ол соңғы жылдары «Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған. Әр жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.
2009-2013 жж. — «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры;
2013-2016 жж. — «Медеу» спорт кешенінің бас директоры;
2016-2019 жж. — Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры;
2019-2020 жж. — «Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2021-2023 жж. — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.