«Ертегі әлеміне тап болғандай сезіндік»: Павлодар облысында ерекше құбылыс байқалды
Түнгі аспан түрлі-түсті бояуға боялды
Павлодар облысында ерекше құбылыс байқалды. Бұл – Солтүстік жарығы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
М.Катаев атындағы оқушылар сарайы обсерваториясының меңгерушісі Виталий Радченконың айтуынша, біздің планетамыздың магнитосферасы жаңа әрі күшті соққыға ұшырады. Ол бұл суреттерді Кемеңгер ауылының маңында түсіріп алған.
«Таңертең басталған жоғары геомагниттік белсенділік короналды массаның негізгі лақтырылуының келуіне тамаша негіз болды. Біз дәл осы құбылысты 3 қарашада күннің бетінен протурберанец көтерілу туралы айтылған кезде күттік. Енді оның жерге жеткені белгілі болды», – дейді Виталий Радченко.
Мұндай құбылысты Аққулы ауданы Жабағылы ауылының тұрғындары да байқаған.
«Бұл бір ғажайып сәт болды. Түнгі аспан түрлі-түсті бояуға боялды. Мұндай құбылысты алғаш рет көрдік. Құдды бір ертегі әлеміне тап болғандай сезіндік», – дейді жергілікті жастардың бірі Кенесары Аманжол.
Виталий Радченконың сөзінше, бұл ғарыштық параметрлер соңғы 20 жылда ең күштісі болып табылады. Планетааралық магнит өрісінің күші мен бағыты индексі +44 белгісіне дейін секірген және келесі күні өте күшті немесе экстремалды дауылдың жоғары ықтималдығы-G4-5 (KR 8-9) болуы мүмкін.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ