03.11.2023, 16:55
Жаңалықтар
Павлодарда балаларына дұрыс қарамаған ана жазаланды
Материал сотқа жіберіледі
Фото: stolicaonego.ru
Павлодарда балаларына дұрыс қарамаған ана жазаланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары рейд барысында 38 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ол төрт және алты жастағы екі баланың тәрбиесіне салғырт қараған және алкогольді ішімдік тұтынған. Тұрғын ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралады», – дейді департаментте.
Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамаған 72 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды