$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс күндері елімізде ауа райы аязды болады – синоптиктер болжамы

Еліміздің барлық өңірінде түнде және таңертең тұман түседі

Демалыс күндері елімізде ауа райы аязды болады – синоптиктер болжамы
celes.club

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 4-6 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон енетіндіктен, республиканың бірқатарт бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.

Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жел күшейеді.

4 қарашада күндіз батыстан келетін антициклон әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, температура төмендейді.

«Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус аяздан 8 градус жылыға дейін көтеріледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 2 градус аязға дейін төмендейді. Таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз -5+15 градус аралығында болады», - делінген хабарламада.

Еліміздің барлық өңірінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары