$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті қолға түсті

Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған

Көкшетауда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті қолға түсті
Бейнеден кадр

Көкшетауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктіні ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері 31 қазан күні ұстады. 39 жастағы азамат танысынан 400 мың теңге талап ететіні және ол бас тартқан жағдайда физикалық зорлық-зомбылыққа қауіп төндіретіндігі белгілі болды.

Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайды.

ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, одан әрі жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу кезеңінде күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

Серіктес жаңалықтары