30.10.2023, 15:35
Жаңалықтар
Бразилияда ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты
Ұшақ жерге құлаған соң бірден өртеніп кеткен
Бразилияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Globo телеарнасының хабарлауынша, ұшақ елдің солтүстік-батысындағы Рио-Бранко қаласындағы әуежай маңында құлаған.
«Ұшақ бортындағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапты. Олардың арасында бала да болған», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, ұшақ жеке компанияға тиесілі болған.
Компанияның хабарлауынша, әуе кемесі жерге құлаған соң бірден өртеніп кеткен.
Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем және өрт сөндіру бригадалары келді.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады