$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады

Институт теңіздің экологиялық проблемаларын зерттейтін болады

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады.  

Алынған мәліметтер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы алдын алу шараларын жүргізу үшін Маңғыстау облысында Каспий теңізін зерттейтін мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институттың құрылуы мәселені зерттеуге кешенді түрде қарауға және ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары