ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

2 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күні кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-шығыста түнде және таңертең таулы аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі», - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Сұхбат