ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Шекаралардағы автомобильдік пункттер жабылады

ҚР ҰҚК ШҚ уақытша жабылатын автомобильдік өткізу пункттерінің тізімін жариялады

Фото: ашық дереккөзден

4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобильдік өткізу пункттері уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі уақытша жабылатын автомобильдік өткізу пункттерінің тізімін жариялады.

1) Қытай Халық Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пункттері: Қалжат (Алматы облысы), Бахты (Шығыс Қазақстан облысы), Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы);

2) Ресей Федерациясымен шектесетін шекарадағы өткізу пункттері: Қондыбай (Қостанай облысы), Ақбалшық (Қостанай облысы), Қызыл Жар (СҚО), Найза (Павлодар облысы), Жезкент (ШҚО), Байтанат (ШҚО), Қоянбай (ШҚО), Орда (БҚО), Шаған (БҚО), Қарашатау (Ақтөбе облысы);

3) Қырғыз Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пункттері: Аухатты (Жамбыл облысы), Қордай (Жамбыл облысы), Сыпатай батыр (Жамбыл облысы), Сартөбе (Жамбыл облысы), Кеген (Алматы облысы); 

4) Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекарадағы өткізу пункттері: Целинный (Түркістан облысы), Сырдария (Целинный).