28.10.2023, 16:06
Жаңалықтар
Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 32-ге жетті
14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда
Фото ашық дереккөзден
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған жарылыстан қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандардың саны сағат сайын артып келеді.
Қайғылы оқиғаға байланысты ертең елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды