28.10.2023, 15:54
Жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахталардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз
Фото ашық дереккөзден
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің шахталарының жұмысы алдағы тәулікте тоқтатылды. Осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізіледі», - деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Костенко шахтасындағы жарылыстан 28 кенші қаза тапты. Әлі 18 кенші іздестіріліп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды