Үкімет: «АМТ шетелдік инвесторларға беріледі» деген ақпарат жалған
Қазір кәсіпорынды ҚР пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде
Әлеуметтік желілерде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаған болатын.