Қашағанда 1 қарашадан бастап өндіріс тоқтатылуы мүмкін

Бұған қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы себеп болуы ықтимал

Қашағанда 1 қарашадан бастап өндіріс тоқтатылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Қашағанда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауына байланысты 1 қарашадан бастап өндіріс толығымен тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нефть и газ Казахастана» Telegram-арнасының хабарлауынша, Қашаған операторы NCOC-тың қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуда қиындықтары болуы мүмкін.

«Аталған рұқсатты беретін Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен түсініспеушілік NCOC-ты 2,3 трлн теңгеге (қазіргі бағаммен 5 млрд доллардан астам) экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүрлемек болып жүрген ҚР Экология министрлігінің Қашаған консорциумы акционерлеріне қарсы жасаған ауқымды шабуылының бір бөлігі болуы мүмкін. Компания айыппұлдың айтарлықтай бөлігін сот арқылы жоюға қол жеткізді, бірақ мемлекеттік орган сот шешімімен келіспеді және апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық іс биылғы қыркүйекте басталды», - деп жазады дереккөз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.