$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 8 мың тұрғынға арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды

Қала әкімі Кемел шағынауданындағы амбулатория ғимаратының дайындығын тексерді

Алматыда 8 мың тұрғынға арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Кемел шағынауданындағы 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға барды. Қала басшысы пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттерді, процедуралық және УДЗ кабинеттерін көрді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполис басшысына қазіргі уақытта нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды. Инженерлік коммуникацияларға қосылу бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін амбулатория жұмысын бастайды.

«Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория Кемел шағынауданының 8 мыңнан астам тұрғынын қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазір олар Кемел шағын ауданынан 3,5 шақырым жерде орналасқан Көкжиек шағын ауданында қаралып жүр. Ал №21 қалалық емханаға 42 600 тұрғын тіркелген. Жаңа амбулаторияның арқасында емдеу мекемесінде жүктеменің үштен бірі азаяды», - делінген хабарламада.

№21 емхананың бас дәрігері Ерлан Құдабаев емдеу мекемесінде көмек көрсетудің жеделдігі дәрежесін ескере отырып, пациенттерді санаттарға бөлуді көздейтін триаж-жүйе енгізілгенін, цифрлық кезек, штат жоғары мамандандырылған дәрігерлермен жасақталғанын хабарлады. Бүгінде медицина қызметкерлерінің штаты қалыптасып, құрал-жабдық сатып алынды.

Ерболат Досаев пациенттерді қабылдауды бастау үшін жаңа амбулаторияны жабдықтау және коммуникацияларға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды.

Айта кетсек, 2023 жылы Алматыда 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Желтоқсанға дейін тағы 4 амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары