$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада құтқарушылар қаза тапқан әріптестерін еске алып, гүл шоқтарын қойды

Шара соңында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген қызметкерлерден ант қабылдау рәсімі өтті

Астанада құтқарушылар қаза тапқан әріптестерін еске алып, гүл шоқтарын қойды
Фото: gov.kz

Бүгін Астанадағы Құтқарушылар аллеясында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу рәсімі өтіп, гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ТЖД басшылары және қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің жақындары қатысты.

Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарына жаңадан келген қызметкерлерден ант қабылдау рәсімі өтті.

Елімізде жыл сайын 19 қазан күні Құтқарушылар күні атап өтіледі.

«Құтқарушылар күнінің қарсаңында осындай еске алу шарасын өткізіп отырмыз. Тәуелсіздік жылдарында 69 өрт сөндіруші, құтқарушы, офицер, сержант зардап шеккен халыққа көмектесіп, қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан. Ерлікпен қаза тапқандар мәңгі ел есінде қалады. Біз әрдайым уақытында көмек көрсетуіміз керек және төтенше жағдайдың алдын алуымыз қажет», - деді министр.

Сондай-ақ Сырым Шәріпханов алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Құрметті, әріптестер! Сіздерге зор денсаулық пен жақсылық тілеймін! Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Біз құтқару жұмысынан бұрын алдын алу мәселесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Бастысы еліміз гүлдене берсін! Төтенше жағдайлар болмасын!» - деп сөзін түйіндеді генерал-майор Сырым Шәріпханов.

Серіктес жаңалықтары