Израильдің Газадағы аурухананы атқылауынан 500 адам қаза тапты

7 қазаннан бері Израиль армиясы Газа секторындағы медициналық мекемелерге 41 рет шабуыл жасаған 

Израильдің Газадағы аурухананы атқылауынан 500 адам қаза тапты
aa.com.tr

Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын атқылауынан қаза тапқандар саны 500-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра хабарлады.

Кудра Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын атқылауынан қаза тапқандардың саны 500-ге жеткенін айтты.

Бұған дейін Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылдан кемінде 200 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы Тарик Джазаревичтің мәліметінше, 7 қазаннан бері Израиль армиясы Газа секторындағы медициналық мекемелерге 41 шабуыл жасағанын расталған. Ол Газа секторындағы денсаулық саласының ахуалы «аса алаңдатарлық күйде» деді.

Осы шабуылдан кейін Израильдің әрекеттеріне әлемнің белді ұйымдары мен бірқатар ислам мемлекеттері айыптау реакциясын білдірді. Олардың қатарында БҰҰ; ДДСҰ; Еуропалық одақ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Африкалық одақ және UNICEF бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.