«Үлкен чемодан мен арқа дорбасын тастап кеткен»: Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті қоршауға алынды

Azattyq Rýhy

Бұл факт Астана қаласы, Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген

«Үлкен чемодан мен арқа дорбасын тастап кеткен»: Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті қоршауға алынды
Фото: islam.kz

Бүгін, 2023 жылы 17 қазанда Астанада Әзірет Сұлтан мешіті қоршауға алынып, ондағы адамдар эвакуацияланды. Қалалық полиция департаменті аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін «102» арнасына мешіт аумағында орналасқан дүкенге белгісіз ер адам үлкен чемодан мен арқа дорбасын тастап кеткені, қайта келіп оны алмағаны туралы хабар келіп түсті. Қоңырау шалған әйел сөмке ішінен тықылдаған дыбыс шығатынын айтқан. 

Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу аттанды. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, осындай хабарламаларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде оқиға орны қоршауға алынды. Мешітке келушілер мен ондағы қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды. Тексеру барысында сөмкеден қауіпті және тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Бұл факт Астана қаласы, Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген. Жүк иесінің жеке басы анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.