ШҚО-да жыл басынан бері өндірістік жарақат алған 6 адам қайтыс болды
Өңірдегі өндіріс орындарында биыл 82 адам жарақат алған

ШҚО-да жыл басынан бері өндірістік жарақаттан 6 адам көз жұмған. Бұл туралы ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жыл басынан бері өңірдегі өндіріс орындарында биыл 82 адам жарақат алды. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Жараланғандар ішінде 6 адам көз жұмды. Ал 40-тан астамы ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған», - дейді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.
Оның айтуынша, облыста өндірістегі жарақаттану көрсеткішін азайту мақсатында бірқатар шара қолға алынған. Соның бірі – «Халықтық бақылау» жобасы. 60-тан астам адамнан құрылған арнайы топ 14 кәсіпорында бақылау жүргізуде. Олар жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалап, қызметкерлерге кеңес беруде.