15.10.2023, 10:40
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Президент бұл жеңістің жастарды ынталандыратынын атап өтті
Фото ашық дереккөзден
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жеңіп, WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді иеленген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!», - деп жазды Мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 15:00
«Дала дәмі» жәрмеңкесіне шығарылған ауылшаруашылық өнімі екі есе артты
26.09.2026, 14:40
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды