Ақмола облысында кәсіпкерлердің салыққа төлеген 7 млн теңге қаржысы қайтарылды
Прокуратура 182 кәсіпкерлік субъектінің құқығын қорғады
Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың жоғарылатылған сомасын өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, осылайша, салық 2020 жылғы 8 сәуірде нақтыланған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша есептелген, алайда 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша қолданылуы тиіс болған.
«Нәтижесінде, қолданылатын АЕК мәндері арасындағы айырмашылық 127 теңгені немесе 2 651 теңгеден 2 778 теңгені құраған. Салық төлеушілердің бюджетке төленетін міндетті төлем мөлшерін дұрыс есептеу міндеттеріне қарамастан, олар прокурордың араласуына дейін заңбұзушылықтарды жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдамаған», - делінген прокуратура хабарламасында.
Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне заңбұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыну бойынша 182 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалып, оларға 7,2 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды, ал салықтарды есептеудің негізсіз тәжірибесі жойылды.