$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израильмен қақтығыста 700-ден астам палестиналық, оның ішінде 143 бала қаза тапты

4 мыңға жуық тұрғын зардап шекті

 

Израильмен қақтығыста 700-ден астам палестиналық, оның ішінде 143 бала қаза тапты
Фото: REUTERS/Mohammed Salem

Газа секторындағы атқылаудан 704 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы Палестина денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Израильдің әуе шабуылдары кезінде 143 бала мен 105 әйел қаза тапты. 4 мыңға жуық тұрғын зардап шекті», - делінген хабарламада.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсету үшін қауіпсіз дәліз құруға шақырады. Белгілі болғандай, Бейт Ханун қаласын бомбалау кезінде жалғыз аурухана істен шыққан.

«Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі үшін әлі де электр қуаты тапшылығы бар. Бұл барлық науқас пен жараланған адамдардың өміріне қауіп төндіреді», - деді министрлік өкілдері.

Айта кетсек, бірнеше сағат бұрын Израиль қарулы күштері жағдайдың ушығуына байланысты Газа секторынан шамамен 100 шақырым жерде және Батыс жағалауда Палестина билігінің аумағында орналасқан Наблус қаласына басып кірді. Елдімекенде қиян-кескі қарулы қақтығыстар басталды.

Сондай-ақ 9 қазанға қараған түні Израильдің ұлттық армиясы (ЦАХАЛ) Газадағы 500-ден астам әскери нысанаға шабуыл жасады. ХАМАС нысандарына жойғыш ұшақтар мен тікұшақтардан оқ атылды. Әскерилер барлығы жеті радикалды жедел штаб пен «Ислам жиһадының» бір басқару орталығын жойды.

Серіктес жаңалықтары