05.10.2023, 15:19
Жаңалықтар
ҰҚК арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 30-дан астам мүшесін ұстады
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасып жатыр
Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция барысында қанша адамның қолға түскені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында ұсталғандар саны 30 адам болып отыр.
Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасып жатыр.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)