$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда заң бұзған кәсіпорыннан мемлекетке 1,2 млрд теңге шығын өндірілді

Жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

 

Маңғыстауда заң бұзған кәсіпорыннан мемлекетке 1,2 млрд теңге шығын өндірілді
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, «Phystech II» АҚ қызметінде тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Компания қызметінде экологиялық, еңбек заңнамалар мен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талаптарының орындалмауы, оның ішінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

«Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд  теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары